Қарыз алушының омбудсманға жүгіну құқығы туралы ақпарат
2024 жылғы 21 желтоқсаннан бастап микрофинанстық омбудсман институты енгізілді, ол азаматтардың микрокредит беру туралы шарттар бойынша дауларын, оның ішінде микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу мәселелерін, сондай-ақ коллекторлық агенттіктерге берілген шарттар бойынша дауларды қарайды.
Микрофинанстық омбудсманның шешімі оны қарыз алушы – жеке тұлға қабылдаған жағдайда, микрофинанстық ұйым үшін, сондай-ақ қарыз алушы – жеке тұлғамен жасалған микрокредит беру шарты бойынша талап ету құқығы берілген тұлға үшін міндетті болып табылады.
Микрофинанстық омбудсманға жүгінер алдында қарыз алушы өзінің кредиторына жүгінуге тиіс.
Омбудсман соттың қарауына қабылданған және/немесе заңды күшіне енген сот актісі бар өтініштерді, сондай-ақ жаңа мән-жайлар болмаған жағдайда қайта жолданған өтініштерді қарамайды.
Микрофинанстық омбудсман – Естеусізова Назгүл Қарасовна.
Микрофинанстық омбудсманға телефон арқылы (+7-727-338-22-44, +7-727-338-22-25), https://mfombudsman.kz/#form арқылы онлайн өтініш жолдау, сондай-ақ [email protected] электрондық поштасына жазу арқылы жүгінуге болады.
Микрофинанстық омбудсманның мекенжайы: Алматы қаласы, Мыңбаев көшесі, 53-ғимарат, 3-қабат, 321-кеңсе.
Микрофинанстық қызметті пайдалану кезінде даулы жағдайлар туындаған жағдайда қарыз алушы жүгінуге құқылы:
- микрофинанстық ұйымға: орналасқан жері (пошталық мекенжайы) бойынша жеке өзі немесе жазбаша түрде: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылдық округі, Ақсу ауылы, Ұлы Дала көшесі, 1-ғимарат, пошталық индекс 160825, немесе электрондық пошта арқылы: [email protected], https://creditplus.kz;
- микрофинанстық омбудсманға: «Микрофинанстық омбудсман кеңсесі» ЖМ, орналасқан жері (пошталық мекенжайы) бойынша жеке өзі немесе жазбаша түрде: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Мыңбаев көшесі, 53-ғимарат, 3-қабат, 321-кеңсе, немесе телефон арқылы: +7 727 338 22 44, +7 727 338 22 25, [email protected];
- сотқа.