Қаржылық қызметтерді тұтынушы (қарыз алушы) (бұдан əрі – Қарыз алушы) микрокредит беру туралы шарт (бұдан əрі – Шарт) бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, «Kredit Seven Kazakhstan (Кредит Севен Казахстан)»
«Микроқаржы ұйымы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан əрі – МҚҰ) келесі құқықтарға ие:
1.1 МҚҰ-ның уəкілетті органы бекіткен микрокредиттер беру қағидаларында көзделген, Шарт жасасу жəне ол бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті құжаттар мен мəліметтерді Қарыз алушыдан сұратуға, сондай-ақ ол ұсынған кез келген ақпараттың дұрыстығын тексеруге;
1.2 Шарт талаптарын Қарыз алушы үшін жақсарту жағына қарай біржақты тəртіппен өзгертуге. Осы тармақтың мақсаттары үшін Қарыз алушы үшін Шарт талаптарын жақсарту деп мыналар түсініледі:
- тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) азайту немесе толық алып тастау;
- микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету;
- микрокредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, оның ішінде мерзімді əскери қызмет өткеру кезеңін жəне ол аяқталғаннан кейінгі алпыс күнтізбелік күнді қамтитын мерзімге, жəне (немесе) бөліп төлеуді ұсыну;
- микрокредит беру туралы шартта Қарыз алушы үшін жағдайды жақсартатын қосымша талаптардың өзге де тізбесі көзделуі мүмкін.
1.3 Қарыз алушының қосымша келісімін алмай-ақ, құқықтарды (талаптарды) беру (цессия) шартын жасасу арқылы Шарт бойынша талап ету құқығын үшінші тұлғаға беруге;
1.4 Қазақстан Республикасының өндіріп алу сəтінде қолданыста болатын заңнамасында көзделген тəсілдермен берешекті мəжбүрлеп өндіріп алуға;
1.5 Қарыз алушы Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды мерзімінен кешіктірген жағдайда,
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды ұсына отырып, коллекторлық агенттікпен сотқа дейінгі жəне/немесе сот тəртібімен берешекті өндіріп алу туралы шарт жасасу арқылы коллекторлық агенттікті тартуға;
1.6 Қарыз алушының микрокредитті қайтару мерзімін бұзғаны туралы ақпаратты МҚҰ-мен тиісті шарттар жасасқан кредиттік бюроларға беруге;
1.7 Қарыз алушы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, оның ішінде Қарыз алушыда Шарт бойынша берешекті жəне тиесілі сыйақымен бірге микрокредит сомасын қайтаруды, тұрақсыздық айыбын төлеуді мəжбүрлеп өндіріп алу туралы сотқа жəне өзге де органдарға жүгінуге, мемлекеттік бажды, сот жəне өзге де шығыстарды Қарыз алушының есебіне жатқызуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленге тəртіппен Қарыз алушының кез келген мүлкіне өндіріп алуды қолдану жолымен жəне Қарыз алушыны Шарт бойынша берешегін өндіріп алуға байланысты МҚҰ шеккен өзге де шығыстарды өтеуді талап етуге;
1.8 Қарыз алушының Шарт бойынша міндеттемелерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан бұзылған немесе шектелген өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген өзге де əрекеттер жасауға.
Қаржылық қызметтерді тұтынушы (қарыз алушы) микрокредит беру туралы шарт бойынша міндеттемелерін бұзған жағдайда келесі жауапкершілік пен құқықтық салдарлар туындауы мүмкін:
2.1 Негізгі борыш жəне (немесе) есептелген сыйақы бойынша мерзімі өткен берешектің пайда болуы;
2.2 Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне Шартта көзделген тəртіппен жəне мөлшерде тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) есептелуі;
2.3 Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сəйкес мерзімі өткен берешектің болуы туралы ақпараттың кредиттік бюроларға берілуі;
2.4 Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне Шарт талаптарында көзделген берешекті сотқа дейінгі реттеу шараларының қолданылуы;
2.5 Қаржылық қызметтерді тұтынушы (қарыз алушы) микрокредиттің кезекті бөлігін қайтару жəне (немесе) сыйақыны төлеу үшін белгіленген мерзімді қырық күнтізбелік күннен астам уақытқа бұзған жағдайда, МҚҰ тарапынан микрокредит сомасын жəне ол бойынша сыйақыны мерзімінен бұрын қайтару туралы талаптың туындауы;
2.6 Атқарушылық жазба негізінде немесе сот тəртібімен берешекті мəжбүрлеп өндіріп алу, оның ішінде негізгі борышты, сыйақыны, тұрақсыздық айыбын, сот шығыстарын жəне Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өндіріп алынуға жататын өзге де сомаларды өндіріп алу. МҚҰ-ның талабы бойынша Қарыз алушы осыған байланысты барлық залалдарды, оның ішінде əкімшілік жəне сот шығыстарын, сондай-ақ сотқа дейінгі өндіріп алуға байланысты шығыстарды қоса алғанда, МҚҰ-ның жəне/немесе үшінші тұлғаның барлық шығыстары мен шығындарын өтейді;
2.7 Шарт бойынша талап ету құқығын Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес осындай талаптарды сатып алуға құқығы бар тұлғаларға беру;
2.8 Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне Шарт талаптарында көзделген өзге де жауапкершілік пен құқықтық салдарлардың туындауы.